Все детсады

  • Детские сады

ШҚББ №105 Елгезек бөбекжай балабақшасы Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын


Директор: Сарымсакова Бигуль Куанышовна

Свободные места: Не указано
Язык обучения: Казахский/Русский

Группы

Младшая
Средняя
Старшая

Обращение директора

Меңгерушінің жолдауы: Бірлігіміз жарасқан – біз елгезек баламыз! Бөбекжай-балабақша Абай ауданы («Ардагерлер үйі», «Роща», БСМП-2), Металлистер өткелі, 1А ғимаратында, ауасы таза, трасса, үлкен жолдар жоқ, тыныш, өте қолайлы жерде орналасқан. Бөбекжай-балабақшаның жұмысының негізгі бағыттары: Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, жұмысты ұтымды ұйымдастыру кезінде ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасы балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қалыптастырады. Баланы саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қатар балабақшаның қызметкерлерінің де жауапты міндеті. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру жұмысты жүргізу бөбекжай-балабақшаның бағыты. Көптілді тәрбие мен білім беру арқылы тілдік-танымдық құзіреттілікті дамыту, адамгершілік-отансүйгіштік пен өнегелік қасиетке тәрбиелеу және жаңашыл инновациялық технологиялар арқылы жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру мақсатпен жоспарлы, тақырыпты балабақшалық, аудандық, қалалық, облыстық семинарлар, т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады. Бөбекжай-балабақшаның педагогикалық ұжымы өз тәжірибелерін ортаға салып және біліктіліктерін көтеру мақсатпен кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін ТРИЗ, Жүнісбеков-Зайцев пен оригами әдістемелері, Вальдорф пен Монтессори педагогикаларының элементтерін, іздеу және эксперименттік іс-әрекеттер, Халық педагогикасы мен этнопедагогика элементтерін, квиллинг әдістемелерін, АРТ-терапия, су, құм, ертегі терапияларын оқу-тәрбие жұмысында кеңінен қолданады. Ата-аналармен арнаулы тақырыпты «Ашық есіктер», кеңестер, психотренингтер, ертеңгіліктер мен музыкалық - ойын-сауық шоу, ертегілер сахналау ұйымдастырылады. Бөбекжай-балабақшаның жылдық міндеттерін орындау мен жаңа инновациялық бағыттарды оқу-тәрбие жұмысында қолдану бойынша әдіскер Кравцова Татьяна Витальевна мен педагог-тәрбиешілер өз жұмысын іскерлікпен, жаңашыл көзқарастықпен, шығармашылықпен жүргізеді. Сапалы оқу-тәрбие үдерісін жаңарту, стандартпен сәйкес жұмысты ұйымдастыру мен жүргізумен қатар оны жүзеге асыратын әрбір педагогтың көзқарасын, баламен қарым-қатынасын өзгерту, әр баланың жеке және жас ерекшеліктеріне қарай дербес дамуын қамтамасыз ету, оларға білімнің өз мүддесі үшін қажеттілігін сезіндіру, тәлім-тәжірибесін айқындау, көтеру – бүгінгі күннің мәселелерін бөбекжай-балабақшаның педагогикалық ұжымы орындауда. Қош келдіңіздер біздің бөбекжай-бақшамызға!

Последние новости

ШҚББ №105 Елгезек бөбекжай балабақшасы Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Новогодние утренники

Дата публикации:2016-12-29 16:05:21

23 декабря прошел утренник в 1 младшей группе. С 27 декабря по 29 декабря проводились утренники в средних и старших группах.

Последние отзывы

Комментарии отсутствуют



Оставить отзыв